Казкомды БТА банкінің проблемалық қарызынан тазалау жүргізілді

698

Казкомды БТА банкінің проблемалық қарызынан тазалау жүргізілді

Казкоммерцбанкті қолдау шеңберінде оны БТА банкінің проблемалық қарызынан тазалау жүргізілді. Бұдан басқа, қосымша провизиялардың қажетті деңгейі қалыптастырылды. Бұл туралы Астана қаласында "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" заң жобасын таныстыруға арналған брифинг барысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев айтты, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Қазақстан Халық банкі және "АЛМЭКС" холдинг тобы" АҚ тарапынан Казкоммерцбанк капиталдандырылғаннан кейін банк бұдан кейін капиталға және өтімділікке қысым көрген жоқ. Клиенттер алдындағы міндеттемелерді дербес орындауға, сондай-ақ экономикадағы кредиттік белсенділіктің өсуін қолдауға қабілетті болды", - деді Ақышев.

Бас банк басшысының айтуынша, Ұлттық банк, тұтастай алғанда, банк секторын шоғырландыру бойынша бастаманы қолдайды, олар банктерді капиталдандыруды ұлғайтуға және клиенттерге қызмет көрсету бойынша қолданыстағы бизнес-процестерді жақсартуға ықпал ететін болады.

"Ұлттық банк банктерге банктік бизнестің тиімділігін арттыруға бағытталған интеграциялық процестерді тезірек аяқтау бойынша қажетті қолдау көрсетуге дайын", - деп атап өтті Данияр Ақышев.

Ол, сол сияқты заңнаманың талаптарына сәйкес бұл мәмілені іске асыру депозиторлардың, кредиторлардың, басқа клиенттердің және банктердің қарсы агенттерінің шарттар бойынша, халықаралық міндеттемелерді қоса алғанда, құқықтары мен заңды мүдделері сақталған жағдайда ғана мүмкін болатындығын атап өтті.

"Қазақстан Халық банкі мен Казкоммерцбанктің шоғырлануы нәтижесінде банк секторының активтеріндегі Қазақстан Халық банкінің үлесі 19,6%-дан 33,6%-ға, кредиттік қоржында – 17,9%-дан 28,5%-ға, клиенттердің салымдарындағы үлес – 20,0%-дан 35,4%-ға дейін өседі", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу