Қазкоммерцбанк ХҚЕС талаптарына сәйкес құрылған шоғырландырылған қаржы есептілігіне негізделген 2016 жылғы 9 айдағы қызметінің нәтижелерін жариялады.
Таза пайыздық кіріс
Провизиялар есептелгенге дейінгі 2016 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған 9 айдағы таза пайыздық кіріс 4,7%-ға өсті және 2015 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған 9 айдағы 135,1 млрд теңгемен салыстырғанда 141,4 млрд теңгені құрады.
Пайыздық емес кіріс
Осыдан бір жыл бұрынғы 38,3 млрдтеңгемен салыстырғанда 3,9 млрдтеңгені құрады, кірістің былайша төмендеуі бағамның өткен жылғы тамызда өзгеруінен 2015 жылғы 3-тоқсандағы оң бағамдық айырманың есебінен, сондай-ақ ағымдағы жылғы 3-тоқсанда үлестік бағалы қағазды қайта бағалаудан болған шығыстың танылуынан орын алды.
Таза комиссиялық кіріс 2015 жылғы осыған ұқсас кезеңде 13,4 %-ға, 22,2 млрдтеңгеден 13,2 млрдтеңгеге төмендеді. Өткен жылғы осыған ұқсас кезеңмен салыстырғанда, Банктің орташа депозит портфелінің ұлғаюына байланысты, таза комиссиялық кіріс "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ-ғы жарналардың комиссиялық шығысының өсуі салдарынан төмендеді.
Құнсыздану шығыны
Клиенттерге ұсынылған несиелер бойынша қалыптастырылған провизиялардың үлесі берліген несиенің жалпы көлемінде, 2016 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 14,4%-ды құрады.
Провизияларға бөлінген қаражат 2015 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған 9 айда 118,8 млрд теңгемен салыстырғанда 23,2 млрд теңгені құрады.
ҚРҰБ әдістемесі бойынша 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жарамсыз кредиттердің үлесі 2015 жылдыңы соңындағы 8,9 %-дан 7,99%-ға дейін төмендеді.
Салық салу
Пайдаға салынатын салық шығысы 2015 жылғы осыған ұқсас кезеңде 14,5 млрд теңгемен салыстырғанда 2016 жылғы бірінші 9 айда 20,6 млрдтеңгені құрады.
Капитал баламалығы
ҚРҰБ әдістемесі бойынша 2016 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша капиталдың баламалық коэффициенті 2015 жылдың соңында 11,5 %-бен салыстырғанда 13,1% құрады.
Бизнес сегменттері бойынша нәтижелер
Корпоративтік секторға берілген нетто-несиелердің көлемі 2015 жылғы 31 желтоқсандағы 3 476 млрд теңгемен салыстырғанда 2,3%-ға, 3 557 млрд теңгеге өсті.
Корпоративтік клиенттердің қаражаты көлемі 2015 жылғы 31 желтоқсандағы 1 855 млрд теңгемен салыстырғанда 2016 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 8,2%-ға, 2 006 млрд теңгеге өсті. Клиент қаражатының жалпы көлеміндегі корпоративтік депозиттің үлесі 2015 жылғы 31 желтоқсандағы 55,8%-бен салыстырғанда 57,8%-ды құрады.
Бөлшек сауда секторы
Берілген нетто-несиенің көлемі жыл басынан бері 13,9%-ға азайып, 2015 жылғы 31 желтоқсандағы 353,7 млрд теңгемен салыстырғанда 304,6 млрд теңгені құрады. 2016 жылғы бірінші жарты жылғы жекелеп кредит беру еліміздегі макроэкономикалық жағдай және теңге өтімділігінің тапшылығы салдарынан баяу өсіп келеді. Қазіргі таңда, Банк жекелеп кредит беруді белсендірді, салыстырмалы түрде, 2016 жылғы бірінші жарты жылда 9 млрд теңгеге, 2016 жылғы 3-тоқсанда 24 млрд теңгеге кредит берілді.
Бөлшек сауда секторындағы клиенттер қаражатының көлемі 2015 жылғы 31 желтоқсандағы 1 470 млрд теңгемен салыстырғанда 0,3% -ға, 1 466 млрд теңгеге дейін төмендеді. Олардың клиент қаражатының жалпы көлеміндегі үлесі 2015 жылғы 31 желтоқсандағы 44,2%-бен салыстырғанда 42,2% құрады.
2016 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша Банктің дамыған альтернативтік сатылым желісі бар. Банкомат саны 2015 жылмен салыстырғанда, 2 160 данадан, 2 430, ал POS-терминал саны 35 005 данадан 44 292 данаға өсті.