"Қазкоммерцбанк" ісі: 45 млрд теңге тұратын мүлік тәркіленді

383

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

"Қазкоммерцбанк" ісі: 45 млрд теңге тұратын мүлік тәркіленді Фото: Максим Морозов

Ведомство мәліметінше, Алматы қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасының үйлестіруімен ақша ұрлау фактісі бойынша "Қазкоммерцбанк" АҚ-на қатысты қылмыстық іске параллель қаржылық тергеу жүргізіп, сотқа дейін мүлікті тәркіледі, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

"Сот санкциясымен күдіктілердің жалпы құны – 44,5 млрд теңге, ауданы 300 гектарға жуық жер учаскесі мен автокөлігі бұғатталды. Келтірілген залалды өтеу мақсатында қылмыстық-процессуалдық кодекстің 667, 668-баптарында іздеу жарияланған тұлғалардың қылмыстық жолмен өндірген мүлкін сотқа дейін тәркілеу көзделген, – делінген қаржылық мониторинг агенттігі хабарламасында.

Сот шешімімен мүлік Алматы қаласы әкімдігінің балансына қою арқылы мемлекет кірісіне айналдырылды.

Қазір бұл активтер мемлекет меншігіне берілді, ал тәркіленуге жататын өзге де мүлікті іздеу жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу