Қазкоммерцбанк терроризмді қаржыландыруға қарсы заңды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

986

Қазкоммерцбанк терроризмді қаржыландыруға қарсы заңды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Алматы қалалық арнайыландырылған аймақаралық сот "Қазкоммерцбанкті" АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл туралы 7kun.kz хабарлады.

Банкке қылмыстық жолмен келген қаржыны жылыстау және терроризмді қаржыландыру заңнамасын бұзды деген айып тағылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 2 бөлімі 214 бабы бойынша, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне — 250 АЕК, ал ірі кәсіпкерлікке — 900 АЕК дейін айыппұл қарастырылған (1 АЕК — 2269 теңге)

Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Лариса Коковинецтің мәліметнше, Қазком сот шешімімен келіспейді және қазіргі уақытта оларға шағым түсіру мүмкіндіктерін қарастырып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу