Қазкоммерцбанк жеке бағдарламалары аясында несие беруді бастады

1046

Қазкоммерцбанк жеке бағдарламалары аясында несие беруді бастады

Қазкоммерцбанк қарқынды түрде шағын және орта бизнесті кредиттеуді бастады және жыл соңына дейін ШОБ-тың ссудалық қоржынын алғашқы жартыжылдықтың қорытындысымен салыстырғанда 20%-ға арттыруды көздеп отыр. Бұған 2017 жылғы шілдеде банктің негізгі акционерінің ауысынан арзан қорларға қолжетімділік пен банкті капиталдандыру көрсеткіштерінің жақсаруы себеп болып отыр, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

"Банкте кредиттеуде біраз үзіліс болғанына қарамастан көптеген клиенттеріміз бізбен бірге қалды. Біз өз тарапымыздан оларға қолдау көрсеткендері үшін алғысымызды айтамыз және бүгінгі күні Halyk Group-тың бір бөлігі болып табылатын Қазкоммерцбанк шағын және орта бизнесті төменгі мөлшерлемелер мен минималды комиссиямен қайта қаржыландыра бастады", - деді ШОБ-қа қызмет көрсету сұрақтарына жетекшілік ететін банктің басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев.

Тамыз айынан бастап, банк шағын және орта кәсіпкерлерге орташа нарықтық бағамынан төмен мөлшерлемелер бойынша, шамасы жылдық 15%-бен қаржы ұсынуда. Егер де 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚКБ ШОБ-ты мемлекеттік бағдарламалардың қаражаты есебінен ғана қаржыландырған болса, бүгінгі күні банк өзінің жеке бағдарламалары аясында кредит беруді бастады.

Нәтижесінде, 2017 жылғы 1 қыркүйектегі деректер бойынша ҚКБ жалпы сомасы 126,9 млрд теңгені құрайтын кәсіпкерлердің 283 кредиттік өтінімін мақұлдаған. Ссудалық қоржынын ұлғайту бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін банк 75 млрд теңге көлемінде 200 –ден астам жобаны қосымша қаржыландыруды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде 61,6 млрд теңге сомасындағы 168 өтінім банктің тиісті органдарымен қарастырылуда.

Бүгінгі күні ШОБ-тың ссудалық қоржынындағы жобалардың 61%-ы банктің жеке бағдарламалары есебінен қаржыландырылып отыр, ал қалған көлемді мемлекеттік бағдарламаларының желісі бойынша қаржы алған ШОБ жобалары құрайды. Банк өз қаржыландыру бағдарламалары есебінен жыл соңына дейін ШОБ-ты қарқынды түрде кредиттеу арқылы жобалардың үлесін 70%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлауда.

ШОБ сегментіндегі қоржынның сараптамасы кредиттік қаржының көбісі - 91%-ы кәсіпкерлер айналымдағы қаражатты толықтыру үшін, ал 7%-ы ғана инвестицияға алатынын көрсетті. Ал салалық тұрғыдан алатын болсақ, бірінші орындарда сауда мен өндіріс тұр – 43% және тиісінше 39%, ал қызмет көрсету саласы 18%-ды көрсетуде. Аймақтық бизнесте Алматы мен Көкшетаудың, сондай-ақ Қарағанды, Ақтөбе мен Оралдың кәсіпкерлері белсенділік танытуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу