KazLLM-нің алғашқы нұсқасы биылғы желтоқсанда ұсынылады

185

Назарбаев Университеті "Ұлттық ақпараттық технологиялармен" бірлесіп қазақ тілінде үлкен тілдік модель – KazLLM әзірлейді. 

KazLLM-нің алғашқы нұсқасы биылғы желтоқсанда ұсынылады Фото: Дзен

2029 жылға қарай Қазақстанда жасанды интеллект саласындағы патенттер санын жылына кемінде 20-ға жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Жасанды интеллект саласындағы зерттеулерді дамыту үшін Назарбаев Университеті "Ұлттық ақпараттық технологиялармен" бірігіп қазақ тілінде үлкен тілдік модель KazLLM әзірлейді. Бұл модель 100 млрд токенге негізделетін болады. Модельдің сапасын жақсарту үшін қазақ тіліндегі деректерді жинау өте маңызды. Осы мақсатта ұлттық деректер жинау науқаны Hugging Face платформасында жүргізіледі. Қазіргі уақытта ашық көздерден 30 млрд токен жиналды", - деді Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов.

Айтуынша, мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардан, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдар мен мұрағаттардан 90 терабайт деректер жиналды. 

"KazLLM-нің алғашқы нұсқасы осы жылдың желтоқсанында ұсынылады. 2029 жылға қарай біз жасанды интеллект саласындағы патенттер санын жылына кемінде 20-ға жеткізу жоспарлануда", - деп атап өтті спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу