Қазмедиа орталығы алдына ер адам жарылғыш затпен келіп, билікке талап қойды

1065

ІІМ басшысының кеңесшісі Нұрділдә Ораз оқиға орнына келе жатқанын, ресми пікір журналистерге 10 минуттан кейін берілетінін айтты.

Қазмедиа орталығы алдына ер адам жарылғыш затпен келіп, билікке талап қойды Фото: sputniknews.kz

Қазмедиа орталығы алдында ер адам талабы орындалмаса, газ баллонын жарамын деп қорқытып тұр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Полиция қызметкерлері ғимаратты қоршауға алды. Далаға шыққан тілшілерді ғимаратқа қайта кіргізді.

Болжам бойынша, ер адам Жамбыл облысы Ойтал ауылынан келген. Ол биліктен 20 жыл бойы қол жеткізе алмай келе жатқан жер учаскесін беруді талап етіп тұр. 

ІІМ басшысының кеңесшісі Нұрділдә Ораз оқиға орнына келе жатқанын, ресми пікір журналистерге 10 минуттан кейін берілетінін айтты.

Оқиға орнына 25-тен аса полиция қызметкері келген. 

Интерфакс - Қазақстан ер адамның газ баллон мен жанғыш сұйықтықты тастауға көнгенін, оқиға орнынан кеткенін хабарлады. Полиция қызметкерлері әрі қарай тергеу жұмыстарын жүргізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу