Кazminerals қымбаттап, "Халық банк" арзандады

986

Қытай экономикасындағы өзгерістер Қазақстанның қор биржасына әсер етіп жатыр.

Кazminerals қымбаттап, "Халық банк" арзандады Фото: Максим Морозов

Қазақстан қор биржасындағы шілде айының көрсеткіштерін жариялаған KASE басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская осындай мәлімет айтты.

"Шілдеде іскерлік белсенділік төмендейтіні әдеттегі жағдай. Биыл карантин белсенділікті жылдағыдан да әлсіретті. Дегенмен, шілдеде Кazminerals және "ҚазАтомӨнеркәсіп" компанияларының акциялары қымбаттады. Ал "Халық Банктің" индексі сәл түсті. Кazminerals акцияларының маусым айына қарағанда үштен бір бөлікке нығаюы әлемде мыс пен алтын бағасының  өсуіне байланысты болды. Шілдеде шынымен де мыс бағасы өскен еді. Оны пандамияға қатысты шектеулермен, өндірістің қысқаруымен түсіндіруге болады. Сондай-ақ, шілдеде Қытай экономикасы біз күткеннен жылдам көтеріле бастады. Ал Кazminerals-тың басты клиенті Қытай компаниялары екені белгілі. "ҚазАтомӨнеркәсіптің" акциялары 6,8 пайыз қымбаттады.  Бұған да шектеулер мен негізгі бәсекелестердің өндірісті қысқартуы себеп болды. "Халық Банктің" акциялары шілдеде құлдырады деуге болады. Бірақ банктің дивиденттер төлеудегі шешімдері жағдайды жағымды ауанға өзгертті. Жалпы алсақ, жыл басынан бері ең жоғары сұраныс "Халық Банктің" акцияларына тиесілі болды. Тіпті ақпан айының соңына қарай тарихи көрсеткішке жеткен. Қазір де сол биіктікті сақтап келеді", –деді Наталья Хорошевская.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу