ҚазМұнайГаз "Үздік өндірістік ұжым" байқауын қорытындылады

1305

ҚазМұнайГаз "Үздік өндірістік ұжым" байқауын қорытындылады

2016 жылдың байқауында үздік атану үшін "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС-ның барлық 11 аумақтық бөлімшесінен 320-дан астам жанармай құю станциясы бақ сынасты, деп хабарлады кәсіпорынның жұртшылықпен байланыс қызметі.

Екінші, финалдық турға өту үшін жанармай құю станцияларының қызметкерлеріне жоспарда нақты айқындалған отын көлемін сату жеткіліксіз болды. Негізгі шарт өз ісіне жанын салып жұмыс істеу: кассирдың күлімдеп қарсы алуы, бір шыны кофеге қосымша аппақ қағаз майлық ұсыну немесе отын құюшының мұнтаздай таза киімі – бұның бәрі кішкентай ғана нәрселер болса да, осыған қарап нақты жанармай құю станциясы туралы емес, тұтастай "ҚазМұнайГаз" бренді туралы жалпы әсер қалыптасатыны белгілі. 

Байқауда бәрі ескеріледі – "шағым" кітапшасындағы жазбалар, техниканың дұрыстылығы, тіпті санитарлық үй-жайлардағы тазалық. Компанияда клиенттермен жұмыс жасау кезінде ұсақ-түйек болмайды, мінсіз бедел үшін әрбір нәрсе маңызды екеніне сенімді. Қатысушылардың айтуынша, сол себепті финалдық турға конкурстық іріктеуді қатаң, бірақ маңызды мектеп деп айтуға болады. 

Ұйымдастырушылар болса, "Үздік өндірістік ұжым" байқауы – шағын жаңалықтарды паш етудің, "ҚазМұнайГаз" ЖМҚС желісі жұмыс істейтін барлық өңірлерді пайдалану үшін ең тиімді және табысты қызметкерлердің "құпия" тәсілдерін көрсетудің мүмкіндігі деп біледі. Осындай байқаулар компанияларға жаңа "өсу нүктелерін" анықтауға және осы жаңа бағыттарды дамыту үшін жағдай жасауға мүмкіндік туғызады. Қызметкерлердің өздері байқауға қатыса отырып, өз жұмыстарындағы бағдарларын салыстырады және үздіктерге теңесуге немесе шынымен де лайықты үлгі көрсетуге үйренеді. 

"Үздік өндірістік ұжым" байқауы "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС-ның аумақтық бөлімшелері арасында 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу