"ҚазМұнайГаз" 300 мың тонна мұнайды басқа бағытқа жөнелтті

245

Бұл туралы ұлттық компанияның баспасөз қызметі хабарлады.    

"ҚазМұнайГаз" 300 мың тонна мұнайды басқа бағытқа жөнелтті Фото: kmg.kz

Мұндай шешім Каспий Құбыр Консорциумы бойынша мұнай тасымалдаудың шектелуімен байланысты болып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өткен жылдың соңында Каспий Құбыр Консорциумы бойынша мұнай тасымалдаудың шектелуіне байланысты Қазақстан мұнайын "ҚазТрансОйл" АҚ (ҚТО) жүйесі арқылы басқа экспорттық бағыттарға жөнелту бойынша жедел жұмыс жүргізілді.

Шамамен 300 мың тонна мұнай көлемі ҚТО жүйесі бойынша экспорттық бағдарлар, соның ішінде Германия, Қытай, Баку-Тбилиси-Жейхан, Новороссийск және Усть-Луга порттары арқылы жеткізу үшін қайта бағытталды.

Компанияда 2026 жылғы қаңтарда Каспий Құбыр Консорциумы тарапынан мұнай қабылдауда сақталып отырған шектеулерді ескере отырып, мұнайды қайта бағыттау жөніндегі іс-шаралар жалғасатынын атап өтті.

"ҚМГ мұнайды тасымалдаудың қосымша бағыттары бойынша жұмыс жалғастырып жатыр. 2025 жылдың қорытындысына сәйкес Қазақстан мұнайын Германияға (Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына) жеткізу бойынша өсу динамикасы байқалады. Тасымалдау көлемі 2,1 млн тоннаны құрады. 2026 жылы 2,5 млн тоннаға дейін ұлғаяды деп күтілуде", – делінген хабарламада.

Ақтау портынан Баку-Тбилиси-Жейхан бағдары бойынша 2025 жылы қазақстандық мұнайдың 1,3 млн тоннасы тасымалданды. 2026 жылдың болжамды көлемі – 1,6 млн тоннаға дейін.

Одан бөлек Қазақстан мұнайы экспорттық бағытқа – Қытайға тұрақты тасымалданып келеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша ҚХР-ға 1,1 млн тонна мұнай экспортталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу