"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және "Эни Исатай Б.В." Абай жобасы бойынша бірқатар келісімге қол қойды, деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі.
2019 жылғы наурыздың 11-і күні "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және "Эни Исатай Б.В." компаниясы Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан "Абай" учаскесі жөніндегі жобаны бірігіп іске асыру шеңберінде бірлескен қызмет туралы келісімге және қаржыландыру туралы келісімге қол қойды.
Қол қойылған келісімдер негізінде тараптар ҚР "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодексіне сәйкес тікелей келіссөздер жүргізуге және көмірсутекті шикізатты барлау мен өндіруге келісімшарт жасасуға ҚР энергетика министрлігіне өтінім береді.