"ҚазМұнайГаз" АҚ-ға қатысты тергеу басталды

2149

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясына қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚазМұнайГаз" АҚ-ға қатысты тергеу басталды

Ведомство елде сұйытылған газ бағасының негізсіз көтерілуіне қатысты ұлттық компанияның кеңсесінде тергеу жүргізіп жатыр.

"Елордалық монополияға қарсы департамент қызметкерлері "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының кеңсесінде тергеу жүргізуде", – деп жазылған хабарламада.

Осыған дейін агенттік "ҚазМұнайГаз" АҚ, "Petrosun" ЖШС, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ, "СП Қазгермұнай" ЖШС, "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС және "ҚазГӨЗ"ЖШС сынды сұйытылған газдың сататын ірі компанияларға қатысты тергеуді бастағанын хабарлаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу