"ҚазМұнайГаз" АҚ-ның басқарма құрамы өзгерді

1015

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма құрамынан Қайрат Шәріпбаев шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы kase.kz-ке сілтеме жасап.

"ҚазМұнайГаз" АҚ-ның басқарма құрамы өзгерді

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы директорлар кеңесінің 2021 жылдың 08 сәуіріндегі шешіміне сәйкес, басқарма құрамынан басқарма мүшесі Қайрат Шәріпбаев шығарылды", - деп жазылған хабарламада.

Енді ұлттық компанияның басқарма құрамы 7 адамнан тұрады: Алик Айдарбаев, Жақып Марабаев, Дәурен Қарабаев, Данияр Тиесов, Данияр Берлибаев, Дастан Абдулгафаров, Мәлік Сәулебай.

Айта кетейік, 2020 жылы Қайрат Шәріпбаев "ҚазТрансГаз" АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған. Сондай-ақ ол "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасының маркетинг және тасымалдау жөніндегі орынбасары қызметін қоса атқаратын болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу