"ҚазМұнайГаз" акционерлерге 2019 жылға 81,7 млрд теңге дивиденд төлейді

885

Дивиденд төлеуден бөлек, ҚМГ акционерлерге Нұр-Сұлтан және Түркістан қалаларында әлеуметтік нысандарды салуға арналған қаражатты қоса алғанда 20 млрд теңге жолдаған.

"ҚазМұнайГаз" акционерлерге 2019 жылға 81,7 млрд теңге дивиденд төлейді Фото: Максим Морозов

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Директорлар кеңесі 2019 жылдың қорытындысы бойынша 81,7 млрд теңге мөлшерінде дивиденд төлеуді ұйғарды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда шамамен екі есе көп, деп хабарлайды компанияның жұртшылықпен байланыс департаменті.

"Дивиденд төлеу туралы шешім Мемлекет басшысының тапсырмасын ескере отырып, дивиденд саясатына сәйкес қабылданды және Компанияның негізгі акционерімен келісілді",– деп жазылған компания хабарламасында.

2019 жылдың қорытындысы бойынша аудиттен өткен қаржылық есептілікке сәйкес дивиденд төлеуден бөлек, ҚМГ акционерлерге Нұр-Сұлтан және Түркістан қалаларында әлеуметтік нысандарды салуға арналған қаражатты қоса алғанда 20 млрд теңге жолдады. Компания өзінің қызметінен түскен кірісті сыртқы қарыздарына қызмет көрсетуге де жұмсайды. Оларды өтеу сомасы 2019 жылы шамамен 997 млрд теңге (2,6 млрд доллар) болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу