"ҚазМұнайГаз" басшылық құрамының жалақысы 30%-ға төмендейді

886

Компания қызметкерлеріне  жылдың соңына дейін сыйақы мен бонустар төлемейді.  

"ҚазМұнайГаз" басшылық құрамының жалақысы 30%-ға төмендейді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның Адами ресурстарды басқару жөніндегі басқарушы директоры Дәулетжан Хасанов мәлім етті. 

"12 мамырда басқарма шешімімен орталық аппараттың жаңа жалақы төлеу жүйесі бекітілді. Ол жүйе бойынша "ҚазМұнайГаз" басшылық құрамының жалақысы 30%-ға азаяды, ал басшылық қызметтер санының қысқаруына байланысты төменгі лауазымға тағайындалатын орта буындағы менеджерлердің жалақылары 20%-ға дейін төмендейтін болады", – деді компанияның басқарушы директоры. 

Сонымен қатар компания қызметкерлеріне енді  жылдың соңына дейін ешқандай сыйақы немесе бонустар төлемейді. Әйтседе қатардағы қызметкерлердің жалақысы бұрынғы деңгейде сақталады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу