Бүгін Астанада "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Каспий құбыр желісі консорциумының (КҚК) бас директоры Николай Горбаньмен кездесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Тараптар ынтымақтастықтың қазіргі нәтижелерін талқылап, алдағы кезеңге арналған бірлескен жоспарларды қарастырды.
ҚМГ басшысы Қазақстан мұнайының тұрақты транзитінің маңызына тоқталып, ұлттық компания Каспий құбыр желісі консорциумының үздіксіз жұмыс істеу мәселесіне ерекше назар аударатынын атап өтті, – делінген ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы таратқан ақпаратта.
Кездесу қорытындысында тараптар КҚК мұнай құбырының энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған екіжақты өзара іс-қимылға және ортақ жобаларды іске асыруға дайын екенін растаған.