"ҚазМұнайГаз" бен SOCAR Қазақстан мұнайын тасымалдау мәселесін талқылады

1000

"ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Бакуде Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының (SOCAR) президенті Ровшан Наджафпен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"ҚазМұнайГаз" бен SOCAR Қазақстан мұнайын тасымалдау мәселесін талқылады Фото: ҚазМұнайГаз

Қазақстан мен Әзербайжан Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры арқылы тасымалданатын Қазақстан мұнайының көлемін кезең-кезеңімен ұлғайтуды және Қазақстан мұнайын Баку-Супса құбыры арқылы тасымалдау мәселелерін талқылады.

"SOCAR компаниясы – ҚазМұнайГаздың маңызды стратегиялық серіктесі. Қазақстан мұнайы транзитінің көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту арқылы өзара тиімді ынтымақтастықтың дамуына жаңа серпін берілетініне сенімдімін", – деді Мырзағалиев.

Айта кетері, "ҚазМұнайГаз" және SOCAR арасында 1,5 млн тонна Қазақстан мұнайын Әзербайжан аумағы арқылы тасымалдауға қатысты қол қойылған келісім аясында Қазақстан мұнайы былтырдан бері Ақтау – Баку – Джейхан бағыты бойынша тұрақты тасымалданып келеді.

Ақтау портынан 2023 жылдың қорытындысы бойынша 1 057 мың тонна, ал 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында 232 мың тонна мұнай жөнелтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу