ҚазМұнайГаз бен Татнефть геологиялық барлау жұмыстарын бастайды

177

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов "Татнефть" ЖАҚ бас директоры Наил Магановпен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚазМұнайГаз бен Татнефть геологиялық барлау жұмыстарын бастайды Фото: @kmgpress

Кездесу барысында Қаратон Подсолевой учаскесінде тереңдігі 5500 метр алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауға дайындық жұмыстары талқыланды. Қазіргі уақытта учаскеде бұрғылауға қажетті жабдықтар орнатылуда. Бұрғылау жұмыстары 2024 жылдың қарашасына жоспарланған.

Қаратон Подсолевой учаскесі Атырау және Маңғыстау облыстарында "Ембімұнайгаз" АҚ қарасты жұмыс істеп тұрған кен орындарының жанында орналасқан.

Сондай-ақ тараптар мұнай-газ химиясы саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Еске сала кетсек, 2024 жылы 21 ақпанда Қазан қаласында "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мен "Татнефть" ЖАҚ "Қаратон Подсолевой" жобасы бойынша сатып алу-сату шартына, акционерлер келісіміне және қаржыландыру туралы келісімге қол қойған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу