"ҚазМұнайГаз" бен "Татнефть" меморандумға қол қойды

706

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Татарстан президенті Рустам Миннихановпен кездесті. 

"ҚазМұнайГаз" бен "Татнефть" меморандумға қол қойды

Кездесу барысында "ҚазМұнайГаз"ҰК" АҚ мен "Татнефть" ААҚ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды қордың қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті.

Тараптар Қазақстанда мұнай өңдеу, мұнай-химия және газ-химия объектілерін жобалау және жаңғырту, сондай-ақ мұнай өндіру технологияларын, цифрлық технологияларды енгізу бойынша жобаларды жүзеге асыруда ынтымақтастастық туралы келісімге келді.

Атап өткен жөн, Татарстанның мұнай-химия өнеркәсібі мұнай өндіру саласында ең дамыған елдердің бірі. 

Кездесу соңында қор басшысы президентке жекешелендіру бағдарламасын ұсынды.

Қор үкіметтің 2015 жылы қабылданған кешенді жекешелендіру жоспарын жүзеге асыруға қатысады. Жоспарға енгізілген қор тобы активтерінің 80%-дан астамы жүзеге асырылды. Олардың маңыздыларының бірі "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының 15% қатысу үлесін 2018 жылдың қараша айында IPO-ға орналастыру болды. Сондай-ақ, алдағы жылдары Қордың 8 негізгі компанияларын, оның ішінде "Эйр Астана", "Қазақтелеком", "ҚазМұнайГаз", "Самұрық Энерго", "Тау-кен Самұрық", "Қазпошта", "Қазақстан Темір Жолы" және "Qazaq Air" компанияларының акцияларын орналастыру немесе стратегиялық сату жоспарланып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу