Онда ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі 19,8% артып, 11 млрд 450 млн м³ жеткені жайлы деректер бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 2025 жылы 26 млн 211 мың тоннаны құраған. Бұл өткен жылғы деңгейден 10% жоғары көрсеткішке ие.
– 2025 жылы операциялық активтерде 14 млн 293 мың тонна мұнай мен газ конденсаты (ҚМГ үлесіне) өндірілді:
– "Өзенмұнайгаз" АҚ-да мұнай өндіру 5 млн 79 мың тоннаны, газ өндіру 610 млн м³ құрады.
– "Ембімұнайгаз" АҚ (ЕМГ) мұнай өндіру көлемі 2,2% немесе 2 млн 850 мың тоннаға дейін, газ өндіру 18,1%, яғни 242 млн м³ дейін ұлғайды. ЕМГ-де газ көрсеткіштерінің өсуі Батыс Прорва кен орнында алғашқы іске қосу кешенінің қосылуымен байланысты болды.
– "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-да мұнай өндіру 3 млн 83 мың тоннаны, газ өндіру 435 млн м³ құрады, – делінген хабарламада.
Сол секілді, басқа операциялық активтерде мұнай мен газ конденсатын өндіру 3 млн 281 мың тоннаны құрап отыр, газ өндіру көлемі 11,5% артып, 1 млрд 142 млн м³ жетті.
Газ өндірісінің ұлғаюына Урал Ойл энд Газ компаниясындағы Рожков газ конденсатты кен орнының өнеркәсіптік игеруге енгізілуі, сондай-ақ Өріктау және Қазақтүрікмұнай кен орындарында газ факторы жоғары жаңа ұңғымалардың пайдалануға енгізілуі оң ықпал еткен.