"ҚазМұнайГаз" Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

690

Директорлар кеңесінің құрамында 7 адам бар.

"ҚазМұнайГаз" Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Директорлар кеңесі өкілеттігінің мерзімі аяқталғанына байланысты "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқармасы 2020 жылғы 17 тамыздан бастап жұмыс істейтін Директорлар кеңесінің жаңа құрамын бекітті, деп хабарлады "ҚМГ" баспасөз қызметі. 

Директорлар кеңесінің құрамы:

1. Кристофер Джон Уолтон, ҚМГ Директорлар кеңесінің төрағасы,
тәуелсіз директор;
2. Айдарбаев Алик Серікұлы, ҚМГ Басқарма төрағасы;
3. Тим Г. Миллер, тәуелсіз директор;
4. Филип Малькольм Холланд, тәуелсіз директор;
5. Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы, қор өкілі;
6. Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы, қор өкілі;
7. Энтони Эспина, қор өкілі.

Жоғарыда аталған директорлар Қордың Корпоративтік басқару кодексінің ротация жоспарына сәйкес 3 жыл мерзімге сайланды.

Айта кетсек, Директорлар кеңесінің алдыңғы құрамында тоғыз адам болған еді. Кристофер Уолтон, Ұзақбай Қарабалин, Алмасадам Сатқалиев, Энтони Эспина және Алик Айдарбаев ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшелері ретінде өз қызметін жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу