ҚазМұнайГаз еншілес компаниясын 11 миллиард 850 миллион теңгеге сатты

885

ҚазМұнайГаз еншілес компаниясын 11 миллиард 850 миллион теңгеге сатты

"ҚазМұнайГаз" АҚ "Еуро-Азия Эйр" әуекомпаниясы" АҚ еншілес компаниясын жеке инвестор "Sky Logistics Service" ЖШС-ға сатты, деп хабарлайды Интерфакс Қазақстан.

2017 жылғы 8 қарашада жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде "Еуро-Азия Эйр" әуекомпаниясы" АҚ-ның 100 пайыз акциясы бәсекелестік ортаға сатылды.

Әуекомпаниясын сатып алушы ашық екі кезеңдік конкурс шеңберінде анықталып, 11 млрд 850 млн теңгеге сатылды.

Айта кетсек, "Еуро-Азия Эйр" әуекомпаниясы" АҚ ұшақтары пайдалы қазбалар кен орындарын шығару, мұнай құбырларына, газ құбырларына және электр беру желілеріне қызмет көрсету үшін ұшу сапарын орындайды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу