"ҚазМұнайГаз" ереуілдеткен West Oil Software қызметкерлерін жұмысқа шығуға шақырады

276

"ҚазМұнайГаз" компаниясы ереуілдеткен жұмысшыларға үндеу жасады.  

"ҚазМұнайГаз" ереуілдеткен West Oil Software қызметкерлерін жұмысқа шығуға шақырады Фото: Inbusiness.kz

"ҚазМұнайГаз компанияның кен орындарында қызмет көрсететін мердігер ұйымдарда еңбек ететін жұмысшылардың тұрақтылығы мен еңбек жағдайына ерекше назар аударады", – деп басталады компанияның үндеуі.

ҚМГ біріншіден, бүгінгі таңда еншілес кәсіпорындар тапсырыс беруші ретінде мердігер ұйымдарды ұзақ мерзімді жұмыс көлемімен қамтамасыз ететінін, екіншіден, жұмысшылардың жалақысы мен әлеуметтік аударымдарының уақтылы және толық көлемде төленуін бақылайтынын хабарлайды. Үшіншіден, ҚМГ "West Oil Software" ЖШС техникасын жаңартуға қаражат бөлетінін жеткізеді. Бүгінгі таңда отандық өндірушімен 69 техника бірлігіне келісімшарт жасалған. Барлығы кем дегенде 202 жаңа техника бірлігін сатып алу жоспарда. Төртіншіден, Жетібай кен орнында жаңа өндірістік база салу жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың соңында басталады.

"Ұзаққа созылған ереуіл West Oil Software мекемесіне ғана шығын келтіріп қоймай, сонымен қатар Жетібай кен орнында мұнай өнімін жоғалтуға байланысты "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ға қомақты көлемде залал келтіруде. Қазіргі уақытта оның сомасы 1 млрд 320 млн теңгені құрады. Бұл өндіріске және тапсырыс берушілердің қаржылық жағдайына зиянын тигізіп отыр", — деп мәлімдеді ҚМГ мұнай сервисі департаментінің директоры Жасұлан Балуанов.

ҚМГ West Oil Software жұмысшыларын еншілес кәсіпорындардың штатына жұмысқа орналастырмайтынын, осы мақсатта жаңа еншілес кәсіпорын ашпайтынын жеткізеді. West Oil Software жұмысшыларын мәселені диалог арқылы шешуге, заңсыз ереуілді тоқтатып, жұмысқа шығуға шақырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу