"ҚазМұнайГаз" IPO: 128 мыңнан астам қазақстандық өтініш берген

893

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының IPO қорытындысы туралы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

"ҚазМұнайГаз" IPO: 128 мыңнан астам қазақстандық өтініш берген Фото: fingramota.kz

Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, кеше директорлар кеңесі мен Үкімет ҚазМұнайГаз акцияларын иеліктен шығару туралы соңғы шешімдерді қабылдады.

"Өтінімдерді қабылдау 9 қараша мен 2 желтоқсан аралығында жүргізілді. Қазақстан азаматтарының өтініштерін қанағаттандыруға басымдық берілді. Біздің азаматтардан түскен өтініштердің жалпы саны 128,7 мыңды құрады. Жалпы сома 74,6 млрд теңгені құрады", - деді А.Сәтқалиев Үкімет отырысында.

Ол сондай-ақ Қор келесі портфельдік компаниялардың бірқатарын IPO/SPO-ға шығаруды жоспарлап отырғанын айтты:

  1. 2023-2024 жылдары - Эйр Астана, KEGOC, "Самұрық-Энерго" жасыл активтер портфелі;
  2. 2024-2025 жылдары - ҚазақГаз;
  3. 2025 жылы – "Қазақстан темір жолы".
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу