"Самұрық-Қазына" қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев қыркүйектің екінші жартысында Қазақстан қалаларында түсіндіру жұмыстары басталатынын айтты, деп жазды inbusiness.kz.
"ҚазМұнайГаз" компаниясы бойынша жергілікті AIX және KASE қор биржаларында белсенді жұмыс жүргізілуде. Қыркүйектің екінші жартысында Қазақстанның қалаларында жалпы халықты тартуды қамтамасыз ету мақсатында роуд-шоу өткізуді жоспарлап отырмыз", – деді қор басшысы арнайы брифингте.
Сонымен қатар спикер Air Astana компаниясы IPO-ға дайын екенін атап өтті.
"Біз ол бойынша халықаралық IPO-ға шығуды мақсат етіп отырмыз. Сондықтан халықаралық нарықтар қалпына келгеннен кейін біз нарыққа шығуға дайын боламыз", – деді Алмасадам Сәтқалиев.
Бұған дейін қор "ҚазМұнайГаз" компаниясын 2022 жылы IPO-ға шығаруды жоспарлап отырғанын хабарлаған болатын.
Құралай Құдайберген