"ҚазМұнайГаз" IPO-сы: Қазақстан азаматтарының өтінімдеріне басымдық берілді

612

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ IPO барысында "ҚазМұнайГаздың" 18 303 584 жай акциясын сатты.  

"ҚазМұнайГаз" IPO-сы: Қазақстан азаматтарының өтінімдеріне басымдық берілді Фото: bugin.kz

Бұл "ҚазМұнайГаздың" ұсынған жай акцияларының жалпы санының 3%-ы деген сөз. Қазақстан азаматтарының өтінімдері 74,6 млрд теңге сомасына 48,5%-ды, отандық заңды тұлғалар өтінімдері 72,7 млрд теңге сомасына 47,2%-ды, шетелдік жеке және заңды тұлғалар өтінімдері 6,6 млрд теңгеге 4,3%-ды құрады, деп жазады inbusiness.kz  "Самұрық-Қазына" АҚ Қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап.  

"Қазақстан қор нарығының тарихында "ҚазМұнайГаз" акцияларының алғашқы жария ұсынысы отандық қор биржаларында ғана листингі бар ең ірі жергілікті IPO болды. Бұл IPO "Самұрық-Қазына" мен "ҚазМұнайГаз" өткізген ауқымдық дайындық жұмысының, қаржы секторындағы цифрлық технологиялардың қарқынды дамуының арқасында сәтті өтті. Дамыған цифрлық технологиялар жеке тұлғалардың өтінім беруін, сондай-ақ Қор мен ұлттық компанияның инвестициялық қауымдастық алдындағы ашықтығын айтарлықтай жеңілдетті. Ең алдымен Қазақстан азаматтарының өтінімдеріне басымдық беріліп, олар толық көлемде мақұлданғанын атап өткім келеді", - деді  "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.

 

Оның айтуынша, жекелеген екінші деңгейлі банктердің және брокер-дилерлік ұйымдардың мобильді қосымшалары арқылы брокерлік компаниялардың өкілдері жоқ өңірлер мен шалғайдағы елді мекен тұрғындары IPO-ға қатысуға мүмкіндік алған болатын. Тікелей жазылу әдісімен 1 млрд 500 млн теңгеге шамамен 6 мың өтінім берілген.

Еске салайық, 2 желтоқсанда IPO барысында "ҚазМұнайГаз" акцияларына жазылу аяқталған болатын. Оның барысында инвесторлардан 181 млрд теңгеден астам сомаға 129 мыңнан аса өтінім түсті. Оларды талдау нәтижесінде 153 млрд теңгеден астам сомаға өтінімдерді қарастыру туралы шешім қабылданды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу