"ҚазМұнайГаз" компаниясы акцияларын IPO-ға қашан шығарады?

1414

Нарықтағы құбылмалық компанияның бұған дейінгі жоспарын бұзуы мүмкін.

"ҚазМұнайГаз" компаниясы акцияларын IPO-ға қашан шығарады? Фото: Максим Морозов

"ҚазМұнайГаз" компаниясын IPO-ға шығару мерзімі әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты, деп мәлімдеді "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" Акционерлік қоғамы логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры Қанат Алпысбаев. 

"Бірінші кезекте, қазіргі кездегі нарықтағы жағдайға назар аудару керек. Біз мұнай фьчерстерінің қандай дәрежеде екенін білеміз. Сонықтан алдымен нарықтың қалыпқа келуін күтеміз. Сәйкесінше қандайда бір компанияны IPO-ға шығару туралы шешімді одан кейін қабылдаймыз", – деді Қанат Алпысбаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін "ҚазМұнайГаз" компаниясының басқарма төрағасының орынбасары Жақып Марабаев, компания акцияларын 2020 жылдың қазан-қараша айларында IPO-ға шығару жоспарланып отырғанын хабарлаған. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу