"ҚазМұнайГаз" компаниясы бюджет пен Ұлттық қорға 1,995 трлн теңге аударды

133

Аталған сомаға компанияның бірлескен кәсіпорындарының төлемдері де кіреді.      

"ҚазМұнайГаз" компаниясы бюджет пен Ұлттық қорға 1,995 трлн теңге аударды Фото: kmg.kz

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы (ҚМГ) 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті мен Ұлттық қорына 1 трлн 995 млрд теңге көлемінде салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді аударды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осы рекордтық аударымдар ҚМГ-ның барлық деңгейдегі бюджеттік кірістерді қалыптастырудағы маңызды рөлін және елдің макроэкономикалық тұрақтылығына қосқан үлесін растайды.

"Осылайша, компания Қазақстан экономикасының дамуына елеулі үлес қосып келеді", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, "ҚазМұнайГаз" – көмірсутектерді барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау бойынша ұлттық оператор. Тиімді басқару мен жаңа жобаларды дамыту арқасында компания өзінің жоғары қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін сақтап келеді.

ҚМГ негізгі активтерін мыналар қамтиды:

Барлау және өндіру: Өзенмұнайгаз (ӨМГ) – 100%, Ембімұнайгаз (ЕМГ) – 100%, Қазақтүрікмұнай (ҚТМ) – 100%, ҚазМұнайТеңіз – 100%, Өріктау (ӨО) – 100%, Доңға – 60%, Урал Ойл энд Газ (УОГ) – 50%, Маңғыстаумұнайгаз (ММГ) – 50%, Қазгермұнай (ҚГМ) – 50%, Қаражанбасмұнай (ҚБМ) – 50%, Қазақойл Ақтөбе (ҚОА) – 50%, ПетроҚазақстан Инк (ПҚИ) – 33%, Теңізшевройл (Теңіз) – 20%, Қарашығанақ – 10%, Қашаған – 16,88%. 

Тасымалдау: ҚазТрансОйл – 90%, Қазақстан–Қытай құбыр жолы (ҚҚҚ) – 50%, МұнайТас – 51%, Batumi Oil Terminal – 100%, Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) – 20,75%, Қазақтеңізкөлікфлоты – 100%.

Өңдеу және басқалары: ПМХЗ – 100%, АМӨЗ – 99,53%, ПҚОП – 49,72%, KMG International – 100%, Caspi Bitum – 50%, Петромидия – 54,63%, Вега – 54,63%, ҚазРосГаз – 50%, Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк. – 49,5%, Силлено – 40%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу