"ҚазМұнайГаз" компаниясының 2024 жылғы табысы 8,3 трлн теңгеге жетті

149

Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 0,1%-ға жоғары. 

"ҚазМұнайГаз" компаниясының 2024 жылғы табысы 8,3 трлн теңгеге жетті Фото: ROGTEC

2024 жылы ұлттық компанияның табысы 8 330 млрд теңгені (17 750 млн АҚШ долларын) құрады. Компания табысының тұрақтылығына мұнай өндіру мен тасымалдау көлемінің артуы әсер етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бұл өсім Қашағанда шикі мұнайды сату көлемінің төмендеуі мен Petromidia мұнай өңдеу зауытындағы күрделі жөндеу жұмыстарының салдарын өтеп, табыстың тұрақты сақталуына ықпал етті", – делінген есепте.

2024 жылы компанияның таза табысы 1 трлн 94 млрд теңгені (2 млрд 332 млн доллар) құрады. 2023 жылы бұл көрсеткіш 927 млрд теңге болған.

Компанияның жалпы борышы 3 трлн 967 млрд теңгеге (7 млрд 555 млн доллар) жетті. Бұл 2023 жылдың соңындағы көрсеткіштен 210 млрд теңгеге артық. Оның ішінде таза қарыз көлемі 1 трлн 163 млрд теңгені (2 млрд 214 млн доллар) құрады. 2023 жылы бұл көрсеткіш 1 трлн 645 млрд теңге болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу