"ҚазМұнайГаз" мен "Chevron" басшылары нені талқылағаны белгілі болды

552

Басым міндеттер қатарында "Теңізшевройл" ЖШС-нің мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттауы да бар.

"ҚазМұнайГаз" мен "Chevron" басшылары нені талқылағаны белгілі болды

18 тамызда "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мирзағалиев "Chevron" корпорациясының төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Виртпен бейнеконференцбайланыс арқылы келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, атап айтқанда, "Теңізшевройл" ЖШС мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттауы бойынша басым міндеттер қарастырылды. Күн тәртібіндегі бөлек мәселе мұнай-химия саласындағы жобаларды жүзеге асыру болды.

"Баламалы энергия көздерін іздеудегі жаһандық тенденцияларды ескере отырып, мұнай-газ секторының басымдылығын сақтау өндірілген мұнай мен газдың негізгі тұтынушысы болатын мұнай-химия саласын дамытуға бағытталады. "Chevron" қолдауының арқасында полипропилен, полиэтилен және бутадиен өндіру бойынша жүзеге асырылып жатқан негізгі жобалар Теңіз кенішінің шикізатымен қамтамасыз етілген", – деп атап өтті М.Мирзағалиев.

ҚМГ және "Chevron" компанияларының басшылары сондай-ақ Болашақ кеңею жобасын және Ұңғыма сағасының қысымын басқару жобасын (БКЖ/ҰСҚБЖ) уақтылы іске асыру және жобалар аяқталған соң жұмысшыларды кезең-кезеңімен босатуға байланысты жергілікті атқарушы мекемелерге қолдау көрсету қажеттігін талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу