ҚазМұнайГаз мұнай өңдеу тарифін көтереді

1001

ҚазМұнайГаз мұнай өңдеу тарифін көтереді

1 қарашадан бастап ҚазМұнайГаз мұнай өңдеу тарифін көтереді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ-дан алынған хатқа сәйкес "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ 2017 жылдың 1 қарашасынан бастап "Caspi Bitum" БК ЖШС-де мұнайды өңдеу тарифін тоннасына 12 258 теңгеден 18 000 теңгеге дейін ұлғайтатынын хабарлады.   

ҚМГ БӨ акциялары пакетінің 50-ын иемденетін "Қаражанбасмұнай" АҚ өңдеу үшін мұнайды "Caspi Bitum" БК ЖШС-не жеткізеді. 2017 жылдың 1-жартыжылдығында битум зауытына жеткізу көлемі 294 мың тонна мұнайды құрады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу