"ҚазМұнайГаз" мұнай өңдеу зауыттарының қазіргі жағдайына тоқталды

388

Атырау МӨЗ-де технологиялық режим толық қалпына келген. 

"ҚазМұнайГаз" мұнай өңдеу зауыттарының қазіргі жағдайына тоқталды Фото: Aikyn.kz

"ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ" Басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев мұнай өңдеу зауыттарының қазіргі жағдайына тоқталды, деп жазады inbusiness.kz.

Оның сөзінше, Атырау мұнай өңдеу зауытында барлық параметр тұрақтандырылып, жанар-жағармай өндірісі бойынша штаттық өнімділікке шықты.

"Павлодардағы мұнай-химия зауытында қара алтынды бастапқы қайта өңдеудің бірінші қондырғысы іске қосылды. Одан кейін қалған өнеркәсіптік нысандарды кезең-кезеңімен іске қосамыз. Шымкент бойынша жылу алмастырғыш қондырғысын жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазір оны іске қосу жүріп жатыр. Технологиялық параметрлерді тұрақтандыру жұмыстары жүргізілуде. Зауыт штаттық жұмыс режиміне шығады", - деді Дмитрий Макеев.

Басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша, зауыттардағы жаңғырту шаралары жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар жағдайында жүргізілді.

"Яғни, зауыттар аумағында толық ауқымды құрылыс-монтаж жұмыстары ұйымдастырылғанына қарамастан, кәсіпорындар өз қызметін тоқтатқан жоқ. Біз өнім шығаруды жалғастырдық", - деп атап өтті спикер.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда алдағы 10-20 жылда әуе керосиніне сұраныс артатынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу