"ҚазМұнайГаз" орталық аппаратының штаты 34%-ға қысқарды

1408

Компанияда басқарушы директор лауазымы болмайды.  

"ҚазМұнайГаз" орталық аппаратының штаты 34%-ға қысқарды

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның Адами ресурстарды басқару жөніндегі басқарушы директоры Дәулетжан Хасанов компания орталық аппаратындағы қызметкерлер саны қысқарғанын мәлімдеді.

"Бірінші тоқсанда біздің компанияның табысы өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, 3 есеге қысқарды. Әлемдік нарықта мұнай бағасының күрт құлдырауы салдарынан кейбір біздің еншілес кәсіпорындарымызда қаржы тапшылығы байқалып отыр. Осыған байланысты, қаржылық жағдайды тұрақтандыру және нарықтық конъюнктураның теріс әсерін азайту үшін "ҚазМұнайГазда" дағдарысқа қарсы стратегия жасақталуда. Директорлар кеңесінің шешімі негізінде компанияның жаңа құрылымы бекітілді. Осыған сәйкес, орталық аппараттың штаттық саны 34%-ға, яғни 729-дан 480-ге дейін қысқарды", – деді Дәулетжан Хасанов.

Сонымен қатар ол компанияның орталық аппаратында басқарушы директор лауазымы жойылғанын айтты.

"Орталық аппараттағы департаменттер саны 3 есеге қысқарды, басқарушы директор лауазымы жойылды. Осылайша, "ҚазМұнайГаз" ҰК-ның орталық аппараты нарықта болып жатқан өзгерістерге тез және тиімді жауап бере алатындай жинақы болып қайта құрылады", – деді Дәулетжан Хасанов.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу