"ҚазМұнайГаз" полимер зауытын іске қосу үшін Ресейдің "СИБУР" компаниясын тартты

247

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы "Полимер Продакшн" кәсіпорынының 60% үлесін Ресейдің СИБУР компаниясына сату себебін түсіндірді.

"ҚазМұнайГаз" полимер зауытын іске қосу үшін Ресейдің "СИБУР" компаниясын тартты Фото: the-steppe.com 

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы "Полимер Продакшн" ЖШС-нің 60% үлесін ресейлік СИБУР компаниясына сату бойынша мәмілені аяқтады.

"ҚазМұнайГаз" "Полимер Продакшн" кәсіпорынының үлесін Ресей компаниясына 10 сәуірде сатты.

Ол жұмысы тоқтап тұрған зауытқа қомақты инвестиция құюы тиіс, деп хабарлайды inbusness.kz сайты ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ 2023 жылдың желтоқсан айында "Полимер Продакшн" ЖШС-не (жылына қуаты 10 мың тонна биаксиалды бағытталған полипропилен пленка (ББПП) өндіретін кәсіпорын) 100% қатысу үлесін сатып алды. Зауытты сатып алу кезінде барлық технологиялық желілер консервацияда болып, жұмыс істемей тұрды.

Қызметкерлер мәжбүрлі тоқтап тұру жағдайына ауыстырылып, жалақылары ішінара өтеліп келді. Компанияның шығыны 5,8 млрд теңгені құрады.

ҚМГ бұл кәсіпорынды сатып алған сәттен бастап өндірісті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, еңбек ұжымы алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындауды жалғастырды.

Негізінен тамақ өнеркәсібінде буып-түю материалы ретінде пайдаланылатын ББПП пленкалар өндірісі ҚМГ-ның бейінді қызметіне жатпайды. Осыған байланысты кәсіпорынды тиісті деңгейде оңалту үшін серіктес тарту туралы шешім қабылданды.

Компанияның 60% үлесін СИБУР-ға сатудың негіздемесін айтсақ, біріншіден, СИБУР компаниясы – ҚМГ-ның KPI жобасы бойынша (полипропилен өндірісі  – "Полимер Продакшн" зауыты үшін негізгі шикізат көзі) серіктесі.

Екіншіден, олардың  ББПП-ға ұқсас түрлі маркалы пленка өндіруде тәжірибесі бар (СИБУР зауыттарының өндірістік қуаты жылына 180 мың тоннаны құрайды).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу