"ҚазМұнайГаз" Румын еліндегі Lukoil жанармай құю бекеттерін сатып алуы мүмкін

512

Әзірге мәміле еуропалық елдегі ресейлік мұнай-газ компаниясының барлық 315 жанармай құю станцияларын қатысы бар-жоғы белгісіз. 

"ҚазМұнайГаз" Румын еліндегі Lukoil жанармай құю бекеттерін сатып алуы мүмкін Фото: ria.ru

"ҚазМұнайГаз" Румын еліндегі Lukoil жанармай құю бекеттерін сатып алуға жақын. Бұл туралы romania-insider.com румындық бұқаралық ақпарат құралдарының шолуы Ziarul Financiar басылымына сілтеме жасай отырып хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Румындық Rompetrol тобына және Румыниядағы ең ірі МӨЗ-ге (Petromidia) иелік ететін қазақстандық мемлекеттік ҚМГ ("ҚазМұнайГаз") тобы кейбір мәліметтер бойынша, Румынияда ЖМҚС сатып алу бойынша ресейлік Lukoil тобымен келісімге келді, деп хабарлайды Ziarul Financiar. Мәміленің Румыниядағы барлық 315 Lukoil жанармай құю бекеттеріне қатысы бар-жоғы әзірге белгісіз. 2022 жылдың соңында Lukoil жанармай құю станциялары желісіне қызығушылық танытқандардың арасында Shell тобы байқалды", - делінген ақпараттық бюллетеньде.

Хабарламада мәміле "Қазмұнайгаздың" Румыниядағы Rompetrol жанармай құю желісін кеңейту жөніндегі міндеттемесімен қатысты мәселені шешуге септігін тигізетіні айтылады.

"Алайда, Lukoil жанармай құю станцияларын сатып алу ҚМГ-ның басқа да анағұрлым маңызды мәселесін шешер еді: атап айтқанда, 80 жанармай құю станциясында қазақстан-румын энергетикалық инвестициялық қоры (Румыния мемлекетімен серіктестікте бақыланатын Kazakh-Romanian Energy Investment Fund (FIEKR) арқылы инвестициялау. ҚМГ FIEKR арқылы Petromidia МӨЗ-дің бұрыннан келе жатқан борыштарын ескере отырып, кеңейтілген келісім шеңберінде 80 жанармай құю станциясын (осы жылдың соңына дейін) қамтитын белгілі бір инвестицияларды іске асыру бойынша міндеттемелерді өзіне алды", - делінген румын тіліндегі материалдың ағылшын тіліндегі түйіндемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының басында БАҚ Румыния мен Молдовадағы Rompetrol брендімен жанармай құю станцияларының желілерін иеленетін ҚМГ осы елдердегі ресейлік Lukoil компаниясының жанармай құю бизнесін сатып алушысы болуы мүмкін деп хабарлады. Жақында БАҚ "Lukoil" өз кезегінде Қазақстанда жанармай құю бекеттерінің франшизалық желісін дамытуды жоспарлап отырғанын жазды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу