"ҚазМұнайГаз" сыртқы тәуекелдерге дайын болып шықты

974

"ҚазМұнайГаз" шығындарды қысқартуды жалғастыруда, деп хабарлайды Аtameken Business.    

"ҚазМұнайГаз" сыртқы тәуекелдерге дайын болып шықты

Бұл туралы брифинг барысында басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары мәлімдеді. Дәурен Қарабаевтың айтуынша 2020 жылдың 9 айында күрделі салымдар 13 пайызға төмендеген. Антикризистік бағдарлама аясында операциялық шығындар мен салымдар биылға 147 млрд теңгеге, алдағы 5 жылға 586 млрд теңгеге азайтылды. Оған түрткі болған – пандемия мен мұнай бағасының арзандауы. Ұлттық компанияның мәліметінше Brent баррелінің орташа құны 9 айда 41,1 доллар болды. Бұл былтырғыдан 36 пайызға кем.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу