"ҚазМұнайГаз" ҰК Басқармасында кадрлық өзгеріс болды

4622

Жақып Марабаев еңбек шартының мерзімінің аяқталуына байланысты "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары қызметінен кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz компания баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚазМұнайГаз" ҰК Басқармасында кадрлық өзгеріс болды

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Жақып Нәсіпқалиұлына атқарған жемісті еңбегі үшін алғысын білдірді. Атап айтқанда, ОПЕК+ міндеттері аясындағы шектеулерге және коронавирус пандемиясының кері әсеріне қарамастан мұнай сервистік қызметердің көлемі және ҚМГ компаниялары тобының өндіруші кәсіпорындарында өндірістің ағымдағы деңгейі сақталды.

Жақып Марабаев мұнайшы әулетінен шыққан. Қырық жылдан астам мұнай-газ саласының жауапты лауазымдарында еңбек етті. Әр жылдары  "ҚазақстанКаспийШельф" АҚ бас директоры, "ҚазақОйл" ҰК ЖАҚ вице-президенті, "ҚазТрансОйл" АҚ вице-президенті, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ бас директоры, North Caspian Operating Company басқарушы директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу