"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының акциялары сатылмайды

857

Инвесторлар дивидентке ерекше назар аударады.

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының акциялары сатылмайды Фото: sk.kz

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ активтерді басқару және жекешелендіру жөніндегі дирекция басшысы Алмасадам Сатқалиев "ҚазМұнайГаз" компаниясының ІРО-сы кейінге шегерілгенін мәлімдеді. 

Оның сөзінше, мұнай мен газға инвестиция салатын инвесторлар дивидентке ерекше назар аударады. Олар акционерлеріне жоғары дивидент беруді көздейді.  

"Дәл қазір сатылған акциядан айтарлықтай табыс түспейді. Себебі мұнай бағасы арзан. Осыны ескеріп, "ҚазМұнайГаз" компаниясының ІРО-сын кейінге шегеру туралы шешім қабылдадық", – деді Алмасадам Сатқалиев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу