"ҚазМұнайГаз" жаңа инвестициялық бағдарлама туралы жалған ақпарат тарағанын айтты

368

Бұл туралы Алматы қалалық прокуратурасы мәлім етті.

"ҚазМұнайГаз" жаңа инвестициялық бағдарлама туралы жалған ақпарат тарағанын айтты Фото: inbusiness.kz

Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы әлеуметтік желілерде "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы туралы жалған жарнаманы анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бейнежазбада азаматтарға іске қосылған жаңа мемлекеттік "ҚазМұнайГаз" платформасына қаржы салып, 100 мың теңгеден дивиденд алуды ұсынады.

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның мәліметіне сәйкес таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты прокуратура азаматтардан тағы да қырағы болуды және жасырынған қаржы пирамидасы болуы мүмкін түрлі ойдан шығарылған жарнамаларға бой алдырмауды сұрайды.

Өз кезегінде құқық қорғау органдары заңсыз инвестициялық ұйымдардың қызметін анықтау және жолын кесу шараларын қабылдауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу