"Қазмұнайгаз" жаңаөзендіктермен бірге комиссия құрып, мәселені шешетін болды

559

Астанада екі күн бойы ереуілдеп, министрлік алдында түнеген жаңаөзендіктер "Қазмұнайгаз" компаниясымен келісімге келетін болды. 

"Қазмұнайгаз" жаңаөзендіктермен бірге комиссия құрып, мәселені шешетін болды

Маңғыстауда комиссия құрып, мәселені бірлесіп шешпекші. Бұл жайында видеоүндеу жасаған мұнайшылар айтты. 

Сөздерінше, ұсталған азаматтар Маңғыстауға қайтаралады. Сондықтан қолдаушыларды заңсыз әрекетке бармауға үндеді. Естеріңізге салайық, санкцияланбаған митинг өткізгені үшін министрлік алдына жиналған жаңаөзендіктерді арнайы жасақ ұстап әкеткен еді. Содан кейін оларды бостауды талап етіп Жаңаөзен, Жетібай және Ақтау тұрғындары наразалыққа шықты. Сол сәтте  Жаңаөзеннің өзінде интернет мен ұялы байланыс өшірілді. Маңғыстау өңірінің әкімі көшеге шыққан халықты арандатушылар жетегінде кетпеуді сұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу