"ҚазМұнайГаздың" қарызы нені білдіреді?

613

Қазіргі кезде компанияның қарызы 9 млрд доллардан асады.  

"ҚазМұнайГаздың" қарызы нені білдіреді? Фото: egemen.kz

"ҚазМұнайГаз" акцияларының биржадағы сауда-саттығын ашу салтанатты рәсімі кезінде, басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев компанияның борышына қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.
Оның айтуынша, "ҚазМұнайГаз"  АҚ қарыздарына мемлекет ешқандай кепілдік бермейді.


"Осы жұмыстардың бәрі бірнеше жыл бұрын басталып кеткен. Оның бәрі бүгінгі ІРО-ға дайындық болған еді. Қазіргі кезде компанияның қарызы 9 млрд доллардан асады. Кейінгі бірнеше жылда қарыз көлемін азайттық. Бір кездері ол 19 млрд доллар болған. Яғни, біз өз қарызымызды басқарып отырмыз", - деді Мағзұм Мырзағалиев.


Оның айтуынша, "ҚазМұнайГаз" АҚ қарызының болуы компанияның борышқа батқанын немесе қаржылық жағдайы тұрақсыз дегенді білдірмейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу