ҚазМұнайГаздың үлескер компаниясын қытайлар сатып алады

888

ҚазМұнайГаздың үлескер компаниясын қытайлар сатып алады

ҚазМұнайГаздың үлескер компаниясы қытайларға сатылатын болды Бұл туралы ҚазМұнайГаздың басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлімдеді, деп хабарлайды naryk.kz.

“ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы АҚ  KazMunayGas International N.V. үлескер компаниясының 51% акциясын қытайдың China Energy Company Ltd компаниясына $680 млн-ға сатады.

“Қытай инвесторлары бірлескен кәсіпорынның дамуы үшін 3 млрд доллар инвестиция салмақ. Аталған қаражат Petromidia мұнай өңдеу зауытының қуаттылығын арттыру, жанармай бекеттерінің желілерін дамыту мен өзге де жобаларға бағытталады.

KazMunayGas International N.V. компаниясын ҚазМұнайГаз сатып алғанға дейін The Rompetrol Group N.V. деп аталған еді. Румыниядағы бұл компанияның негізгі жұмысы Қазақстан мұнайын сатып алып Румынияда өңдеп, сату.

ҚазМұнайГаз аталған компанияны қытайларға сатқаннан кейін аталған бағыттағы экспортты енді қытайлар жүзеге асыратын болады. Дегенмен, қалған 49 пайыз акциясы ҚазМұнайГазға тиесілі болғандықтан, өз үлесін Қазақстан да басқарып отырмақ.

Сауат Мыңбаевтың айтуынша, бүгінге дейін ұлттық компания өзіне қарасты 17 нысанды жалпы құны 18 млрд теңгеге сатқан.

Румыниялық үлескер компанияны қытайлар жыл соңына дейін өз аттарына рәсімдемек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу