"ҚазМұнайСервис NS" сатылып кетті

719

Оның иелігіндегі VIP-вилла мен гольф-клуб жеке қолына көшті. 

"ҚазМұнайСервис NS" сатылып кетті

Кейінгі он жыл ішіндегі отандық нарықтағы жетекші сервистік компания саналатын "ҚазМұнайСервис NS" сатылып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл ретте аталған беделді компанияның акциялары үкімет ұйымдастырған саудада көп қымбаттамай, бастапқы бағасы деңгейінде ғана өткізілген.

Айта кетсек, gosreestr.kz арқылы жүрген сауда 4 миллиард 103 млн теңгеден бастау алған болатын. Алайда ақырында 4 млрд 104 млн теңгеде тоқтап, сатылып кетті. Осылайша, бастапқы баға 1%-ға да көтеріле алмады.

"ҚазМұнайСервис NS" – "ҚазМұнайГаз-Сервис" ЖШС-нің иелігіндегі кәсіпорын, бұл кәсіпорын "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорына, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясына, оның еншілес кәсіпорындарына және сырт ұйымдарға көліктер және басқа да қызметтер ұсынатын, әкімшілік және тұрғын үй ғимараттарына, сауықтыру кешендеріне, Алматы қаласындағы өкілдікке қызмет көрсету, тақырыптық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу бойынша сервистік қызметтер кешенін көрсететін мамандандырылған компания болып табылады.

"ҚазМұнайГаз-Сервис NS" Щучинскідегі гольф клубтің қожайыны болып есептеледі. Рас, әзірге ол жобаның құрылысы аяқталмаған. Дәулеттілерге арналған объекті 2014 жылдың қазанында бастау алған. Құрылыс жұмыстарын былтырғы маусым айында аяқтау көзделген. Бірақ бұл мерзімі кейінге шегерілді. Жобаның құны толық іске қосу шараларын қоса алғанда, 18 миллиард теңге тұрады. 

Бірінші кезек аясында клаб-хаус, VIP-вилла және гольф алаңдарын салу жоспарланған. Ал екінші кезек аясында төрт жұлдызды қонақүй тұрғызу көзделген. 

"Гольф-клуб 103 гектар аумақта орналасқан. Оны айнала орман қоршап тұр. Гольф алаңының 18 қуыс-лункасы "Чемпионат және сервистік объектілер" сыныбына жауап береді. Қазіргі кезде объектінің дайындығы 90%-ды құрайды", – деп хабарлады "ҚазМұнайГаз".

Соның ішінде club-хаус-тың, мейрамхананың, қонақүйлік аймақтың құрылыстары аяқталған. Дүкен, спортшыларға арналған киім киетін бөлмелер де дайын көрінеді. Ең бастысы, VIP-вилла бой көтерген және қалталы адамдарды қабылдауға әзір. Гольф-алаңдарының және демалысқа арналған инфрақұрылымның құрылысы швейцариялық Troon-golf компаниясының ақыл-кеңестеріне сүйене отырып, жүргізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу