"Қазмырыш" Риддерге көмектеседі

679

Қаладағы апатты жағдайға байланысты ЖЭО-ны қалпына келтіруге "Қазмырыш" көмектеспек, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

"Қазмырыш" Риддерге көмектеседі Фото: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

5 қарашада "Риддер" ЖЭО-да қазандық агрегаттары апаттық жағдайда сөніп, қала тұрғындары жылусыз қалған еді. Қазір қазандықтар жөнделіп жатыр. Жергілікті атқарушы билік өкілдері апаттың салдарын жою үшін жедел штаб құрып, Риддерде төтенше жағдай жарияланған.

Қаладағы мәселені шешуге отандық өндіріс компаниясы да ат салысады. "Қазмырыш" компаниясы өзінің өндіріске арналған жылу көздерін сөндіріп, Риддердегі жылу орталығына бағыттаған. Кеншілер Риддерге көмек қолын созып, ЖЭО-ға түрлі сорғылар, шығын материалдарын және 150 тоннадай мазут жіберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу