Қазнетке тағы кибершабуыл жасалды

917

Қазақстанда кешелі бері кибершабуыл үдеп тұр. Бүгін таңертең кибершабуылдар тағы қайталанған. 

Қазнетке тағы кибершабуыл жасалды

Қазақстанда кешелі бері кибершабуыл үдеп, салдарынан интернет жылдамдығы баяулап, байланыс операторларының қызметіне кедергі келтіріп отыр. Бұл туралы "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ хабарлайды деп жазады inbusiness.kz

"Бүгін таңертең кибершабуылдар тағы қайталанған. Соның салдарынан еліміз бойынша интернетке қосылуда кідіріс болып жатыр. Мұның кесірі байланысқа да әсер еткен. Мақсатты кибершабуылдар елдің мемлекеттік органдары мен қазнет инфрақұрылымына да бағытталған. Қазір кибершабуылға тойтарыс беру үшін техникалық мамандар жұмылдырылды", – деп мәлімдеді "Мемлекеттік техникалық қызметінің" өкілдері.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу