Димаштың жанкүйерлері концерттен кейін стадиондағы қоқысты жинады

629

Олардың ішінде шетелдіктер қонақтар да бар.

Димаштың жанкүйерлері концерттен кейін стадиондағы қоқысты жинады Фото: Астана әкімдігі

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көрермендері Димаш Құдайбергеннің "Астана Аренадағы" концертінен кейін стадионды қоқыстан тазартты.

Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Мұндай тазалық акциялары елордада тұратын әрі қаланың тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындар үшін игі дәстүрге айналды.

Шетелдік қонақтар жанкүйерлердің белсенділігіне және олардың саналы көзқарасына таң қалды. Тазалық акциясына "Астана Жастары" КММ белсенділері, еріктілер, сол сияқты жанкүйерлер де қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, 13 және 14 қыркүйек күндері "Астана Арена" стадионында Димаш Құдайбергеннің ауқымды концерті өтіп жатыр.

Көрермендерге ыңғайлы болу үшін концерт өтетін орынға арнайы автобустар қатынайды. Арнайы автобустармен жүру үшін концерт билеті болуы қажет.

– Елордада "Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" ауқымды экоакциясы өтіп жатыр. Сонымен қатар, елордада жаңадан Taza Astana әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жоба құқықтық тәртіп, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, көппәтерлі тұрғын үйлердің, үй жанындағы, кварталішілік және аула аумақтарының тазалығы мәселелері бойынша жүйелі жұмыс жүргізуге бағытталған, – дейді қала әкімдігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу