KAZPATENT коронавирус штаммын әзірлеу жөніндегі патенттік өтінімдерді қарастыруда

784

Қазіргі таңда екі өтінім де KAZPATENT-тің формалды сараптама кезеңінен өтті. 

KAZPATENT коронавирус штаммын әзірлеу жөніндегі патенттік өтінімдерді қарастыруда

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" РМК (БҚПҒЗИ) ҚР ӘМ "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК-ға (KAZPATENT) COVID-19 алдын алуға арналған вакцинаны және коронавирустық инфекция штаммын әзірлеу жөніндегі екі патенттік өтінім берді, деп жазады Қазақпарат.

Қазіргі таңда екі өтінім де KAZPATENT-тің формалды сараптама кезеңінен өтті. "Күні бүгінге дейін БҚПҒЗИ ғалымдары патент алу үшін екі өтінім берді: 1. 2020 жылғы мамыр айында - "COVID-19 алдын алу үшін әсерсіздендіретін вакцинаны алу тәсілі"; 2. 2020 жылғы тамыз айында - "COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакциналардың ерекше профилактикалық құралдарын әзірлеу, лабораториялық диагностикалау және биологиялық қорғанысының тиімділігін бағалау үшін қолданылатын COVID-19 коронавирустық инфекциясы вирусының "SARS-CoV-2/KZ_Almaty/04.2020" штаммы". "Қазіргі кезде өтінімдер мәні бойынша сараптама кезеңінен өтуде. Сараптаманың нәтижесі оң болған жағдайда өнертабыс патенттеледі" - деп хабарлады KAZPATENT директоры Ермек Қуантыров. Патент өнертабыстың патентке қабілеттілігін, атап айтқанда, "жаңалық", "өнертабыстық деңгейге жеткендігі", "өнеркәсіпте қолдануға жарамдылығы" шарттарына сәйкес келуін тексеретін сараптаманың нәтижелері бойынша беріледі.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу