Енді Қазпошта арқылы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен" депозит ашу және несие төлеу тегін. Бұл банк пен пошта операторының ынтымақтастық туралы келісімі арқылы жүзеге асып отыр. Сондай-ақ, екінші деңгейлі банктер арқылы жасалған төлемдерге қосымша комиссия алынбайды. Барлық шығысты Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өзмойнына алды. Айта кетейік, осыған дейін көрсетілген қызмет үшін салымшылардың енгізетін соммасынан 1 пайызы ұсталып келген болатын. Қазіргі уақытта банк 950 мың клиентке қызмет көрсетіп отыр. Депозит мөлшері 460 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ өткен жылы 27 мың адамға несие берілген. Осы жылы 35-40 мың адамға жеткен.
Жанар Жұбаниязова, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқармасы төрайымының орынбасары:
"Қазіргі уақытта 200 мың салымшыға өткен жылы ашылған интернет пен мобильді банкинг арқылы қызмет көрсетілуде. Оның 47 мыңы мемлекеттік бағдарламаға қатысуға мүмкіндік алды. Жалпы өткен жылдың 6 айында 17 мың пәтер берілді. Биыл 17 мыңға жетуі тиіс. Оның 15-20 пайызы Нұрлы жер бағдарламасы арқылы беріледі деп күтілуде."