"Қазпошта" арқылы жіберілген косметика бұйымдарының арасынан есірткі табылды

429

Оны қабылдаушы есірткі қылмысы үшін бұрын сотталған азамат болып шықты. 

"Қазпошта" арқылы жіберілген косметика бұйымдарының арасынан есірткі табылды Фото: видео скриншот

Қаржылық мониторинг агенттігі аса ірі көлемде есірткі контрабандасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы облысы Іле ауданындағы "Казпошта" АҚ бөліміне шетелден косметикалық бұйымдар түрінде жасырылған салмағы 777,4 грамм есірткі өнімі каннабис экстракты (гашиш майы) салынған зат келіп түскені анықталды.

Оны қабылдаушы есірткі өнімдерінің заңсыз айналымы үшін бұрын сотталған азамат болып шықты.

Оның тұрғылықты жері бойынша тінту барысында есірткіні шегуге арналған құрылғылар, қолданылған шприцтар, зип-пакеттер және т.б. заттар табылды.

Аталған азамат сот шешімімен қамауға алынды, тергеу амалдары жалғасуда.

ҚПК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

"ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу