27 тамызда "Самұрық-Қазына" АҚ басқармасы "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Қанат Алпысбаевтың өз уәкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішін қарап, 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап "Қазпошта" АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқаруды Серік Саудабаевқа жүктеу туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, Серік Саудабаев 1977 жылы туған. Жоғары экономикалық және жоғары заңгерлік білімі бар.
2010 жылғы маусымнан бастап осы уақытқа дейін "Самұрық-Қазына" АҚ-ның "Қазақтелеком" және "Қазпошта" сияқты активтеріне жауапты салалық дирекциясын басқарған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу